Гүлнар Жұмашева: Ана мен балаға көрсетілетін көмек алдыңғы орында
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 қыркүйек күні жариялаған Жолдауында, ең бастысы ана мен бала өлімін азайту, медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге мән берді. Себебі, аталған көрсеткіш еліміздің даму қарқынына тікелей әсер етеді.
Жолдауда, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кезең-кезеңімен көшу және тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің де қатар жүретіндігіне тоқталды.
Қазіргі таңда еліміздің денсаулық сақтау саласы жүйелі түрде дамып келеді. Қызылорда облыстық перинаталдық орталығы жаңа технологиялармен жабдықталған.
Республика бойынша Қызылорда облысы туу көрсеткіші бойынша ІІІ орын алады. Жыл сайын туу саны өсуде. Табиғи өсімге байланысты ана өлімі мен сәбилер өлімі көрсеткіші 2016 жылмен салыстырғанда, 4,3%-ға төмендеді.
Цифрландыруға байланысты, орталықта жедел іске асырылатын 20 бағдарлама жұмыс жасауда.
Жолдаудан туындайтын негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылатын жұмыстарды сапалы орындау – баршамыздың міндетіміз деп білемін. Ана мен балаға көрсетілетін көмек алдыңғы орында болмақ.
Гүлнар ЖҰМАШЕВА,
Қызылорда облыстық перинаталды орталықтың бас дәрігері