Қайтарымсыз грант жеңіп алған қазалылық өз кәсібін ашты (ФОТО)
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданына қарасты Бекарыстан би ауылының тұрғыны Мейрімхан Тілеуқұл мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдауға қол жеткізіп, өз кəсібін дөңгелетіп отырған азаматтардың бірі.
Мейрімхан өткен жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Бизнес-Кеңесші» жобасы аясында білім алды. Арнайы сертификатқа ие болған ол пластиктен есік, терезе даярлау бизнес жобасын ұсынып, 1 млн теңге қайтарымсыз грант жеңіп алды.
Бұл қаржыға кəсіпкер жаңа құрылғылар мен қондырғылар сатып алып, қазіргі таңда пластик пен ағаштан есік, терезе дайындап, ауыл тұрғындарына өз қызметін көрсетуде.