«Не бәрі 30 жаста болған». Туыстары Қызылордада қайтыс болған ер адам туралы айтты
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылордада бала қоғамдық көліктің алдына жүгіріп шыққан уақытта әкесі сәбиін құтқарып қалып, өзі қайтыс болған ер адамның туыстары оның қандай адам екені туралы айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Самат Жалғасбаевтың жасы 30-да болған. Ол Қызылордада дүниеге келген және таяуда ғана туған күнін тойлаған. Алматыда аграрлық колледжді тәмамадаған ол 3 жыл бойы депода машинистің көмекшісі болып қызмет еткен, кейін өзі теміржол құрамдарын басқарған. 2019 жылы басшылық оның еңбегін елеп, Саматты елордаға шақырып, марапаттаған.
Туыстары оны сабырлы әрі ұстамды ер адам ретінде және кез келген жұмысқа кірісе беретін адам ретінде біледі.
«Ол еңбекқор адам еді, кез келген нәрсені жөндей алатын. Интернеттен көріп алып, өзі-ақ отбасы мен үйішін ретке келтіріп, қолынан келмейтіні жоқ бала болып өсті», - деді Саматтың туысы Көптілеу Қосбармақов.
Самат 2011 жылы үйленген. Жары екеуі екі бала тәрбиелеп отырған: Заңғар мен Сұңғат. Сол күні жол апаты салдарынан Заңғар да зардап шеккен - ол 4,5 жаста.
«Қазір ол ауруханада жатыр. Жағдайы жақсарып келеді. Есін жиды, қозғала бастады, өздігінен тамақ іше алады», - дейді Көптілеу.
Самат Жалғасбаев 17 қазанда қайтыс болды. Ол жолға жүгіріп шыққан өзінің кішкентай баласын құтқармақ болған. Әкесі баласын жауып қалған, алайда соққы салдарынан өзі қайтыс болған.