Қызылордада автобус қағып кеткен бала есін жиды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылордада автобус қағып кеткен бала есін жиды. Бұл туралы Қызылорда облыстық аурухана дәрігерлері хабарлады.
«Ол бізге ес-түссіз күйінде түскен болатын. Қазір есін жиды. Кеше түсте жасанды демалдыру қондырғысын алып тастадық. Баланың жағдайы ауыр. Жағдайының жақсарып кетуіне үміт артып отырмыз. Ең бастысы есін жиды", - деді облыстық аурухана дәрігерлері.
Медицина қызметкерлері ауыр жағдай артта қалды дегенмен, әлі болжам жасауға ерте екенін айтуда. Баланың жағдайы жақсарған бойда, дәрігерлер оның басын томографияға түсіретін болады. Тексерудің нәтижесімен бала Нұр-Сұлтан қаласына жіберіледі. Егер қажет болса, баланы сол жаққа ауыстыруы да мүмкін.
Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 18 қазан күні баласын автобустың соққысынан құтқарып қалған әке оқиға орнында көз жұмған болатын.