19 қазан: Атаулы күндер мен оқиғалар
Құтқарушылар күні
Құтқарушылар күні Қазақстанда жыл сайын 19 қазанда атап өтіледі. Бұл атаулы күннің бекітілуі елімізде Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық мемлекеттік комитеттің құрылуымен байланысты.
1928 жылы Қарағанды облысындағы Қарсақбай елді мекенінде Жезқазған тау-кен металлургиялық комбинаты («Жезқазғантүстімет» акционерлік қоғамы) құрылды. 1997 жылы шілдеде «Жезқазғантүстімет» акционерлік қоғамы негізінде «Қазақмыс» корпорациясы құрылды. Корпорация мыс және күміс өндіруден Қазақстанда бірінші орында болса, мыс өндіруден әлем бойынша алғашқы ондыққа кіреді. Жезқазған аймағының дамуына, тау-кен металлургия кешенінің құрылуына қазақ ғалымы Қаныш Сәтбаев көп еңбек сіңірді.
1957 жылы Петропавл қаласында алғаш рет облыстық ақындар айтысы өтті.
1989 жылы Семей полигонында соңғы (221-ші) ядролық жер асты жарылысы жүргізілді.
2014 жылы Қызылорда қаласында Қазақстан бойынша алғашқы көше спортымен шұғылданатын жастардың әлеуметтік саябағы ашылды.
2015 жылы жұмыс сапарымен Қызылорда қаласына барған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев күріш тазалайтын зауытта болды. Тәулігіне 80 тонна қоспа жем шығарып, 150 тонна күріш тазалайтын кәсіпорында Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын дамыту және жаңа технологияларды игеру керектігіне баса назар аударды. Президент дағдарыс кезеңінде ауыл шаруашылығы экономиканың тірегі болатынын айтты.