Египетте ежелгі табыттар табылды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Египетте археологтар Ніл өзенінің батыс жағалауында орналасқан Луксор қаласының маңынан 20 ежелгі табытты тапты, деп жазады ВВС. Министрлік өкілдерінің хабарлауынша, табыттар екі қабатқа жерленген.
«Толық ақпарат сенбі күні арнайы баспасөз конференциясында айтылады. Мамандар бұл табыттар б.з.д. 664-332 жылдарға тиесілі болуы мүмін», деп жазады басылым.
Автордың хабарлауынша, өткен аптада министрлік Луксордың батысында ежелгі «өндіріс зонасы» табылғанын хабарлаған еді.