Бұрқасын, көктайғақ - 18 қазан күнгі ауа райы болжамы
oldkaz.kyzylorda-news.kz. 18 қазан күні Қазақстанның басым бөлігінде фронталды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы күн райы күтіледі. Басым өңірде жауын жауады. Шығыста қатты жауын-шашын болжанады. Еліміздің тек батыс және оңтүстік бөлігінде күн райы ашық болады. Сондай-ақ республиканың кей жерлерінде екпінді жел тұрып, көктайғақ, тұман болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Желдің күші күндіз 25 м/с жетуі ықтимал.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, түнде бұрқасын, көктайғақ болжанады. жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.
Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарында, түнде Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді.
Ақмола облысының кей жерлерін тұман басып, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Атырау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Сондай-ақ түнде Қызылорда, Түркістан облыстарында 3 градус үсік жүреді.