Енді елімізде 16 жастағы жасөспірімдер тыйым салынған дәрігерлерге ата-анасының рұқсатынсыз бара алады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 16 жасқа толған қазақстандықтар қандай дәрігерге ата-анасының рұқсатынсыз бара алатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Енді 16 жасқа толған жасөспірімдер психиатр, гинекологқа барып, консультация ала алады. Қазір жастардың дені, қарап отырсақ, жыныстық қатынасқа ерте жастан түседі, оның үстіне жыныстық жолмен берілетін ауруларды жұқтыруға бейім болады. Бірақ, олар өз бетінше дәрігерге бара алмайды, соның салдарынан деструктивті әрекеткке барып, өзі емделіп, тіпті, өз-өзіне қол салып жатады", - деді Біртанов мәжілісте "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс жобасын таныстыру барысында.
Министрдің айтуынша, қазір психологиялық проблемасы бар жасөспірім, тіпті ата-анасымен қарым-қатынасы нашар болса да, психологқа немесе психиатрға әке-шешесімен баруы тиіс.
"Жасөспірімдердің қауіпсіздігі үшін біз бұл "планканы" 16 жасқа дейін төмендетіп отырмыз. Алайда күрделі мәселелерге, яғни түсік жасату, тағы басқаларына қатысты жас шектеуі сол қалпында қалды", - деді ол.
Денсаулық сақтау министрлігі бұған дейін қыз балаларға 16 жастан бастап ата-анасының келісімін алмай-ақ, жасанды түсік жасатуға рұқсат беруді заңға енгізбек болған еді. Алайда бұл бастама қоғамның наразылығын тудырғандықтан, министрлік бұл идеядан бас тартты.