Жазасын бостандықта өтеп жүрген аралдық тұрғын түрмеге қамалды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Жасаған қылмысы үшін сот шешімімен 4 жыл жазасын бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған, яғни, жазасын бостандықта жүріп-ақ өтеп жүрген Арал ауданының тұрғыны жаза өтеу тәртібін бұзғаны үшін түрмеге қамалды.
– Жазасын бостандықта өтеп жүрген ол азаматқа әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Пробация қызметі тарапынан ескерту жасалды. Кейіннен Арал аудандық сотына бас бостандығынан айыру туралы ұсыныс берілді. Ағымдағы жылдың 1 тамызында Арал аудандық сотының қаулысымен ҚР ҚК-нің 44-б 3-б негізінде 2 жыл 5 ай 15 күн бас бостандығынан айырылды. Алайда, сотталушы аудандық соттың қаулысысына наразылық танытты. Бірақ осы жылдың 10 қазанында Қызылорда облыстық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының сотының қаулысымен сотталушының наразылығын қанағаттандырусыз қалдырып, бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, түзеу мекемесіне қамалды, – дейді Арал аудандық Пробация қызметі бөлімнің бастығы, әділет майоры С.Сейталиев.