Қыста артық салмақ жинамау үшін не істеу керек?
Дәрігер қыста артық салмақ жинамау үшін қалай тамақтану керек екенін айтты.
Мамандардың айтуынша, адамдар күн салқындаған сайын майлы және тәтті тағамды көп жейді. Өйткені бұл мезгілде адамды ұйқы басып, көңіл-күйі нашарлайды. Күн болмағасын ағзадағы D дәрумені де тапшы болады.
Диетологтар балық, сүт өнімдері мен көкөністі жиі жеу керек екенін айтып отыр. Көңіл-күйді көтеру үшін банан, жаңғақ пен құрғақ жеміс жеуге болатынын айтады. Алайда мөлшерін білу керек.
Сондай-ақ, мамандар тәттіні дүкеннен сатып алмай үйде дайындауға кеңес беріп отыр. Мәселен, олардан дәруменге толы смузи жасауға болады.