17 қазан: Атаулы күндер мен оқиғалар
Халықаралық кедейшілікпен күрес күні
Бұл күн «АТД-Eourth World» атты француз қайырымдылық қозғалысының және БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Хавьер Перес де Куэльярдың бастамасымен атап өтіледі.
1981 жылы Алматының миллионыншы тұрғыны Бауыржан Қадырсызов дүниеге келді. 29 желтоқсанда партия басшыларының, еңбек ұжымдары өкілдерінің, қоғам қайраткерлерінің қатысуымен неке сарайында баланы салтанатты тіркеу рәсімі өтті. Сәби дүниеге келген жас отбасына «Алматы қаласының миллионыншы тұрғыны» естелік медалі, қаланың символдық кілті мен жаңа пәтердің кілті табыс етілді.
1992 жылы Қызылорда облысының Қазалы ауданында қазақ халқының отаршылдық езгіге қарсы ұлт-азаттық күресінің көшбасшыларының бірі Жанқожа батырға ескерткіш орнатылды.
2001 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік басқаруды жетілдіру туралы Жарлыққа қол қойды.
2016 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Кенен ауылдық округінде «Тұлғалар тұғыры» атты мемориалдық кешен ашылды. «Тұлғалар тұғыры» ескерткіші Қордай жерінен шыққан белгілі тұлғалар Өтеген батыр, Кебекбай шешен, Ноғайбай би және Кенен Әзірбаевқа арналып тұрғызылды.