Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 17 қазанға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Ойларыңызды жүзеге асыруға асығыңыз. Ешбір жоспарды ертеңге қалдырмағаныңыз жөн. Түстен кейінгі уақытта қуантарлықтай жаңалық естейсіз.
Торпақ
Күнделікті айналысып жүрген ісіңіз, айтарлықтай нәтиже бермейді. Алайда қосымша шаруалар табыс табуға мүмкіндік береді. Қаржылық жағдайыңыз жақсарады.
Егіздер
Бос әңгімелерден бойды аулақ ұстаңыз. Айналаңыздағы адамдармен пікірлесу барысында әр сөзіңізге абай болғаныңыз жөн. Жаңа танысқан жандармен сыр бөліспеңіз.
Шаян
Бүгін сыртыңыздан әңгіме айтатындар көп. Бірақ оларға мән бермеңіз. Әркім өз ойынан хабар беретінін ұмытпаңыз. Кешке қарай жұмысқа қатысты жағымды жаңалық естейсіз.
Арыстан
Өте көңілді, әрі керемет күн. Бүгінгі күніңіз маңызды оқиғаларға толы болмақ. Сонымен қатар жоспарланбаған сапарға шығуыңыз мүмкін. Сапар кезінде тиімді сауда жасайсыз.
Бикеш
Барлық тапсырманы уақытында орындау мүмкін емес. Бастапқыда тәжірибелер оң нәтиже бермейді. Барлығын жаңадан бастауға тура келуі мүмкін. Ал жақындарыңызбен қарым-қатынасыңыз бірқалыпты.
Таразы
Бүгін сіздің тарапыңызға түрлі ұсыныстар түседі. Ішкі түйсігіңіз қай ұсынысты таңдау керегін дөп басады. Жаңа бастамалардан еш қорқудың қажеті жоқ. Түстен кейін өзіңізді шаршатпаңыз.
Сарышаян
Әртүрлі саладағы адамдармен пікір алмасуға қолайлы күн. Кез келген адаммен тіл табыса аласыз. Өз-өзіңізге деген сенімділігіңіз артады. Сонымен қатар жұмыста құжаттарды реттеуге қолайлы күн.
Мерген
Іскерлік және жеке өмірге қатысты маңызды сауалдарды жақындарыңызбен бірге талқылаңыз. Бірақ өз дегеніңізден қайтпайсыз. Тек ішкі түйсіктің дегенімен жүресіз.
Тауешкі
Күніңіз жемісті болмақ. Шығармашылық ізденісіңіз жоғары деңгейде болады. Кейде өзгелердің ойына келмеген дүниелерді жасап шығарып, барлығын таңқалдыратын боласыз.
Суқұйғыш
Егер өте сақ болсаңыз, барлық тілегіңізге қол жеткізуге болады. Таңертіңгілік ісіңіз алға басып, шаруаларыңыздың біразын орындайсыз. Түстен кейінгі уақытыңыз да тек жұмыс жайын ойлаумен өтеді.
Балықтар
Күніңіз сәтті өтеді. Сіздің күш-жігеріңіз тасып, қиын істерді қолға аласыз. Шаршау дегенді мүлде ұмытып кеткен секілдісіз. Бірақ уақытында демалғаныңыз дұрыс.