Еліміздің тұрғындары бүгін неге теледидар көре алмай отыр?
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Бүгін еліміздің барлық тұрғындары радио тыңдап, теледидар көре алмауда.

Жопарлы-профилактикалық жұмыстарға байланысты, спутниктік және теле-радио тарату 16 қазанда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін уақытша тоқтатылады, деп хабарлады kazteleradio.kz.
«16.10.2019 күні сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін спутниктік желі, сандық эфирлі телевизиялық және радио тарату құрылғыларында жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған сәйкес Қазақстан бойынша барлық теле-радио тарату жұмысы уақытша тоқтатылады. Уақытша ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген жарияланған ақпаратта.