«Мирас» қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің мүшелері Елбасы тапсырмалары мен Президент Жолдауынан туындайтын міндеттердің жүзеге асырылуы бойынша облыстық ішкі саясат басқармасы және облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы басшыларының есебін тыңдады.
Кеңес мүшелері атқарылған жұмыстардың кемшін тұстарын бүкпесіз айтып, алдағы атқарылар жұмыстарда ескеруге тиісті мәселелерді айтты.
Жиында масылдық көзқарас, рухани құндылықтарды дәріптеу, қоғамның түрлі топтарымен жұмыс жасауға негізделген әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру секілді мәселелер талқыға салынып, нақты шешімдер қабылданды.