Қазақстандық азаматтың асқазанынан кокаин салынған 42 капсула табылды (видео)
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бразилиядан БАӘ арқылы Қазақстанға және одан әрі Түркияға кокаин жеткізудің халықаралық арнасын анықтап, жолын кесті. Іс-шара барысында қазақстандық азаматтың асқазанынан ішінде кокаин бар 42 капсула табылды, ҰҚК-ның баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, 2019 жылғы наурызда ҰҚК-ның Алматы қаласы бойынша департаменті жедел-іздестіру шаралары барысында қаладағы әуежайдан контрабандалық жолмен кокаин тасымалдады деген күдікпен «Дубай-Алматы» әуе рейсінің жолаушысы, Қазақстан азаматы Сатыбалдиевті ұстаған болатын.
«Ұсталған адамды тексеру кезінде, Алматы қалалық клиникалық ауруханасының медициналық қызметкерлері жүзеге асырған процедуралар барысында Сатыбалдиевтың асқазан-ішек жолдарынан жалпы салмағы 460 грамм кокаины бар 42 капсула табылып, алынды.
Жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде оның туыстық байланысы Құрманбаева ұсталды. Ол көрсетілген есірткі партиясын Бразилиядан Қазақстанға контрабандалық жолмен жеткізуді ұйымдастырған. Сондай-ақ, оларды Түркияға тасымалдамақшы болған», - дейді ҰҚК-дағылар.
Биылғы жылдың маусымында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотының үкімімен Құрманбаева мен Сатыбалдиев Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-тармағы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) және 286-бабы 4-тармағы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша кінәлі деп танылып, 15,5 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Олар жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары түзету мекемесінде өтейді.