Мәдина Ералиеваның жалғыз ұлы анасы туралы өкінішін айтты
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазақтың ақбаяны, бұлбұл әншісі Мәдина Ералиеваның ұлы көңілінде анасына қатысты қалған өкініші барын ашып айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Әрсен Ералы анасын қуантып, тірі кезінде бір сый жасамағанын айтады.
«Анама бір сый жасамаппын. Осындай өкініш қалды», - деді ол.
Алматыда Майра Ілиясованың идеясымен Мәдина Ералиеваны еске алу кеші ұйымдастырылды. Онда әншілер өнер көрсетті. Концертте Мәдина Ералиевадан аумай қалған әнші ән айтты.
Көрермен мен өзге әншілер оны Мәдина Ералиеваның сыңары деп бағалады.
«Сыртынан қарасаң, құдды Мәдина тіріліп келгендей. Даусы да, түрі де ұқсайды», - дейді Майра Ілиясова.
Әнші концерттен түскен қаражатты Ералиеваның ұлына табыстамақ. Ал, Әрсен ақшаны анасының 70 жылдық мерейтойына жұмсауды жоспарлап отыр.