Қызылордада такси жүргізушілерін тақырға отырғызған Жамбыл облысының тұрғыны сотталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылордада алаяқтық жолмен адамдардың сеніміне кірген азамат сотталды.
Жамбыл облысының 44 жастағы тұрғыны қызылордалық такси жүргізушісінен 61500 теңге ақшасын алдап алған. Тергеу барысында күдікті жасаған қылмыстық әрекетін толығымен мойындаған. Бұдан бөлек, тергеу кезінде күдіктінің аталған қылмыстан бөлек тағы алаяқтық қылмыс жасағаны анықталып, аталған қылмыстық істер бір өндіріске біріктірілген. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.
Сот процесінде ол өз кінәсін толығымен мойындап, жәбірленушілерге келтірілген шығынды жартылай өндіріп берді. Күдікті Қызылорда қалалық сотының үкімімен кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.