Қызылордадағы Сығанақтан алтын бұйымдар табылды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Биыл Сығанақ қаласына жүргізілген қазба барысында «көне қорымы» орындары аршылып, ХІІІ-ХІҮ ғасырларға жататын алтын әшекей бұйымдар табылып, ғылыми зерттеуге берілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Мира Абуова мәлімдеді.
«Бүгінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша өңірлік қасиетті орындар тізімі толықтырылып, республикалық «Қасиетті Қазақстан» энциклопедиялық жинаққа біздің облыстан жалпыұлттық 12 нысан, өңірлік 60 тарихи нысан ұсынылды. Сонымен қатар, биыл облыстық бюджет есебінен Қышқала, Жанкент, Сығанақ, Сортөбе, Бәбіш мола қалашықтарына қазба жұмыстары жүргізілді»,- деді Мира Абуова.
Қазіргі таңда табылған тарихи орындар мен заттай экспонаттарға ғылыми зерттеулер жүргізілуде.
Сондай-ақ, басқарма басшысы келесі жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсынан үзінді, яғни концерттік нұсқасын қою жоспарлануда.