Араб шейхтарына Қызылордада аң аулауға рұқсат берілді
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Премьер-министр Асқар Мамин араб шейхтарына Қазақстан қорықтарында жек дуадақтарға ителгімен саятшылық жасауға рұқсат берді.
Үкімет басшысының Қаулысы ҚР нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінің «Әділет» сайтында жарияланған.
Құжатта үкімет төрт араб шейхіне (үшеуі БАӘ-ден, біреуі Катардан) ағымдағы жылдың 10 қазаны мен 15 қарашасы аралығында өз ителгілерімен жек дуадақтарға ителгімен саятшылық жасауға рұқсат берді деп айтылған.
Олар Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарының қорықтарында аң аулайтын болады. Әрбір ауланған құс үшін олар 260 АЕК (656 600 теңге) төлеуі тиіс.
Жоғарыда аталған өңірлердің әкімдеріне шейхтарға аң аулауды ұйымдастыруға қажетті көмек көрсету тапсырылды.