«Халықтық заңгер»: Сырдариялықтарды не толғандырады?
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек кентінде «Халықтық заңгер» акциясы аясында азаматтарды қабылдау өтті.
Аталған акция Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен және Сырдария ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілді.
Акция барысында аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдар өкілдері құқық қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, ауылшаруашылығы, тұрғын үй, жер қатынастары және халыққа қызмет көрсету салаларына қатысты әлеуметтік мәселелер бойынша тұрғындардың өтініштерін тыңдап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Аудан тұрғындары нәтижелі жұмыспен қамту, тұрғын үй кезегі, жер алу, мемлекеттік бағдарламалар, кәсіпкерлік, мүгедектікті рәсімдеу секілді мәселелермен көмекке жүгінді. Келіп түскен өтініштердің нәтижелері бойынша тұрғындарған толыққанды жауаптар берілді.
Сала мамандарына еркін сұрақ қойып, жан-жақты жауап алған тұрғындар акцияны ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.