Мысырдан перғауындар кезеңіне жататын өнеркәсіп орны табылды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Археологтар Мысырдағы Луксор қаласы маңынан ежелгі өндіріс аймағын тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Сондай-ақ, ежелгі қабірлер мен керамикалар, әшекейлер табылды.
Ғалымдар жерлеу орындарынан бөлек Ежелгі Египеттің алғашқы өнеркәсіптік аймақтарының бірін тапты. Олардың ішінде көне құрылыс материалдарының қалдықтары да сақталған.
«Бұл жерде жұмысшылар патша тақтарын безендірген, ал кейбір шеберханаларда олар перғауындарға жиһаздар бен әшекейлер жасаған», - дейді археолог Захи Хавасс.
Табылған заттар перғауындардың 18-ші әулетінің кезеңіне жатады.