Қызылорда облысының энергетиктері қысқа дайын
oldkaz.kyzylorda-news.kz. ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаментінде 2019-2020 жылдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа Қызылорда облысының энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарының әзірлік паспортын алуға өтініштерді қарау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Отырыста энергия кәсіпорындарының 2019-2020 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алуға ұсынылған өтінімдері және тиісті қағидаларда белгіленген энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу үшін оларға қоса берілетін шарттардың материалдары қаралды.
Қарау қорытындысы бойынша комиссия энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың 2019-2020 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын мына мекемелерге беруге шешім қабылдады:
– энергия өндіруші ұйымдар – «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ (ГПЭС Майбұлақ кен орны және ГПЭС Оңтүстік-Шығыс Қызылқия кен орны), «СНПС-Ай Дан Мұнай» АҚ, «KAZPETROL GROUP (КАЗПЕТРОЛ ГРУП)» ЖШС, «Құмкөл Транс Сервис» ЖШС, «Қуатамлонмұнай» СП ЖШС.
– энергия беруші ұйымдар – «Шиелі-Энергосервис» ЖШС, «Қорқыт Ата Әуежайы» АҚ.