«СОТ КАБИНЕТІ» ЭЛЕКТРОНДЫ АҚПАРАТТЫҚ СЕРВИСІ ЖАЙЛЫ БРИФИНГ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі арқылы сотқа электронды құжаттар беру тәртібі жөнінде БАҚ өкілдерімен брифинг өткізілді.
Сот төрағасы Б.Қалымбет журналистерге «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі арқылы сотқа электронды құжаттар беру тәртібін түсіндірді. Атап айтқанда, аталған сервис арқылы берілетін құжаттарға қойылатын талаптар:
- Сотқа берілетін құжаттар мәтіндік пішінде жүгіндіріледі (қаріп 14 Times New Roman, бір жарым интервал).
- Әрбір құжат электрондық құжаттарды беру жүйесіне жеке файл түрінде жүгіндірілуге тиіс. Файлдар саны сотқа берілетін құжаттар санына сәйкес болуға тиіс.
- Пайдаланушы жүгіндіретін файл пішіні *doc, *docx, *pdf, *jpeg сәйкес болуға тиіс. Әрбір файлдың ең үлкен көлемі 10 МВ-дан аспауға тиіс екендігін айтып өтті.
«Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі арқылы сотқа талап арыз, апелляциялық/жеке шағым, кассациялық шағым, сот актісін қадағалау тәртібімен қайта қарау туралы өтініш, сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз, іс бойынша құжаттарды беру, өтініш беруге болатынын көрсетті.
Одан кейін төраға журналистер қойған сұрақтарына жауап берді.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының баспасөз қызметі