«Болашақ» университетінде қоғамдық диалогтың қағидаттары талқыланды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда «Болашақ» университетінің «Жалпы білім беру және құқық» кафедрасы «Қоғамдық диалогтың қағидаттары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел жұмысына қатысқан қонақтар, оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.
Жиында Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің аға сарапшысы Б.Үсенбаев, «Экономика, аудит, бизнес және басқару» кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты Г. Рысмаханова, «Филология, журналистика» кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты А.Байдаулетова, «Жалпы білім беру және құқық» кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты М.Ахметов, «Дефектология» мамандығының 4 курс студенті М.Мәлік және «Құқықтану» мамандығының 4 курс студенті Қ.Мақұлбеков өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Айта кетерлік жәйт, Қызылорда «Болашақ» университетінің «Жалпы білім беру және құқық» кафедрасы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын белсенді түрде талқылап келеді.