Қазалыда «Халықтық заңгер» акциясы өтті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазалыда «Халықтық заңгер» мобильді азаматтарды қабылдау акциясы өтті.
Әйтеке би кенттік клубының алдында өткен акция Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен өткізілді.
Акция барысында мемлекеттік органдар өкілдері аудан көлеміндегі бақылау-қадағалау, құқық қорғау, денсаулық, білім, ауылшаруашылығы, тұрғын үй, жер қатынастары, кірістер, халыққа қызмет көрсету салаларына қатысты әлеуметтік мәселелер бойынша 30-дан астам тұрғынның өтініштерін қабылдады.
Аудан тұрғындары нәтижелі жұмыспен қамту, тұрғын үй кезегі, жер алу, мемлекеттік бағдарламалар, кәсіпкерлік, мүгедектікті рәсімдеу, алимент өндіру, т.б. мәселелермен көмекке жүгінді.
Келіп түскен өтініштердің нәтижелері бойынша түсіндіру сипатында толыққанды жауаптар берілді.