Нұрсұлтан Назарбаев: «Президенттіктен кеткеніме өкінбеймін» (видео)
oldkaz.kyzylorda-news.kz. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Хабар» арнасына берген сұхбатынан үзінді жарияланды, деп хабарлайды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында.
«Елбасының бүгінгі сұхбатынан үзінді. Толық нұсқасы ертең «Хабар» арнасында сағат 21.30-да көрсетіледі», - деп жазады ол.
Сұхбат барысында Елбасына «Президенттіктен кеткеніңізге өкінбейсіз бе?» деген сұрақ қойылған болатын.
«Әрине, өкінбеймін. Себебі, бұл жан-жақты әбден сараланған шешім болатын. Ең алдымен, бірнеше рет мені Мемлекет басшысы етіп сайлаған халыққа зор алғысымды айтамын. Екіншіден, өзгерістер керек. Ештеңе бір орында тұрған жоқ. Өзгерістер, жаңа адамдар, тың кадрлар керек. Кез келген адамның өзіндік көзқарасы, қарым-қатынасы бар. Сол себепті бұл - әбден ойластырылған қадам. Халық үшін, Қазақстан үшін дұрыс істедім деп есептеймін», - деді Елбасы.