Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 13 қазанға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Энергияңыздың әлсіреуінен ұстамды болу қиынға соғары анық. Дегенмен ақылыңызды жоғалтпай, ұстамды бола біліңіз.
Торпақ
Бүгін барлық істі кейінге шегеріп, тыныштықта демалыңыз. Өз-өзіңізді қолға алып, денсаулығыңызға зиян әдеттерден арылуға тырысыңыз.
Егіздер
Бүгін кез келген істі орындай аласыз. Сондықтан кез келген мәселені шешуге дайын болыңыз. Көптен ойға алған істі бастаңыз.
Шаян
Бүгін қарыздарыңызды беріп, уәдеңізді орындайтын күн. Сонымен қатар үй шаруасын тындырыңыз.
Арыстан
Өзіңіздің де, өзгелердің де мәселесін шеше аласыз. Біліміңіз де жеткілікті. Оны толықтыру мақсатында іздене бастайсыз.
Бикеш
Топпен жұмыс жасау сізге ұнайды. Сондықтан әріптестеріңізбен бірге жетістікке жету жолын көздейсіз. Табысты болуға аз қалды.
Таразы
Эмоцияға берілмеңіз. Барлығын ақылға салғаныңыз дұрыс. Әйтпесе, барлық жоспарыңыз құрдымға кетері анық.
Сарышаян
Бүгінгі күніңіз бірсарынды. Белсенділігіңіз өте төмен. Шаршағандықта бар. Тек демалып жатқанды қалайсыз.
Мерген
Бүгін ашуға «мініп» тұрсыз. Ешкімнің ақылын тыңдағыңыз келмейді. Ұрыс-керіске жақынсыз. Дұрысы, ешкімнің көзіне түспеңіз.
Тауешкі
Ойыңыз бір жерден шығатын жандармен, достармен бас қосасыз. Басқосуға себепкер өзіңіз болуыңыз да ғажап емес.
Суқұйғыш
Өзіңіздің көңіл-күйіңізді өзіңіз көтеруге тырысыңыз. Арам ойға жол бермеңіз. Жолыңыздың болуы тек өзіңізге байланысты болмақ.
Балықтар
Бүгін демалыңыз. Суға түсіңіз. Теңіз болса, тіпті жақсы. Су арқылы барлық жағымсыз энергияны тастаңыз.