14 қазан: Атаулы күндер мен оқиғалар
Халықаралық стандарттау күні
1946 жылғы 14 қазанда Халықаралық стандарттау ұйымын құру туралы шешім шықты.
Украинада отан қорғаушылар күні
Бұл күнді Украина Президенті П.Порошенко 2014 жылғы 14 қазандағы № 806/2014 жарлығымен ресми мереке ретінде бекітті.
1939 жылы Жамбыл облысы құрылды. Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан. Облыстың қазіргі әкімшілік орталығы - Тараз қаласы. Құрамына 10 аудан, 1 облыстық деңгейдегі, 3 аудандық деңгейдегі қала кіреді. Облыс түсті металдарға, баритке, көмірге, қаптайтын, төсейтін және техникалық мақсаттағы тастарға, құрылыс материалдарына бай. Облыста қазақ және орыс драма театрлары, филармония, 5 мұрағат, кітапханалар, клубтар мен мәдениет үйлері бар. Тараз қаласының аумағында б.э.д. X-XI ғасырлардан сақталған Айша-Бибі және Бабажа қатын кесенелері, X-XIII ғасырлардан қалған Қарахан мен Дәуітбек сағаналары орналасқан.
1971 жылы алғаш рет Mariner 9 аппараты арқылы түсірілген Марстың суреті жерге жеткізілді.
1994 жылы Ақмоланың Революция көшесінде (қазіргі Астана қаласындағы Сейфуллин көшесі) ақын Сәкен Сейфуллиннің 100 жылдық мерейтойына орай ескерткіш ашылды.
1994 жылы Қазақстан Республикасы БҰҰ-ның Шөлге айналумен күрес жөніндегі конвенциясына (БҰҰ ШКК) қол қойып, оны 1997 жылдың 7 шілдесінде бекітті.
2015 жылы ғарышкер Айдын Айымбетов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ғарышта болған және жерімізді 150 реттен астам ұшып өткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын тапсырды.