Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 11 қазанға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Жанға жайлы күн. Бұрын жолыңыз болмаған істе табысқа жетесіз. Соңғы уақытта жинаған тәжірибеңізді іске асыратын кез келді. Жетістікке жету үшін бұрын-соңды өзіңіз байқамаған қырларыңызға үңілетін боласыз. Айналаңыздағы адамдардың сізге деген қарым-қатынасы өзгереді. Олар сіздің кеңесіңізге жүгінетін болады.
Торпақ
Күніңіз өз жоспарыңызға сай өтеді. Әлденеге алаңдауға себеп жоқ. Қиын сәттерде ішкі түйсік «көмекке келеді». Сонымен қатар бүгін қалағаныңызша сауда-саттық жасай аласыз. Өзіңізге көптен бері ұнап жүрген киім немесе әшекейді сатып аласыз. Сондай-ақ бүгін алдағы күндеріңізге жоспар құруға ыңғайлы.
Егіздер
Таңертеңгілік аздаған түсініспеушіліктер орын алуы мүмкін. Жақындарыңыздың жауапсыздығынан мәселе туындап, ойға алған істі дер кезінде аяқтау мүмкін болмайды. Өзгелердің қателігін қалыпқа келтіру сізге жүктеледі. Бұл сіздің ашуыңызға тиетіні анық. Бірақ сіз ашуыңызды сыртқа шығармайсыз.
Шаян
Түске дейінгі уақытыңыз сәтті өтеді. Асыққаныңыз жөн. Себебі бұл уақытта бұрын қиын болып көрінген барлық тапсырманы тез арада орындайтын боласыз. Кез келген істі тез игеріп, тәжірибе жинақтайтын боласыз. Айналаңызға зер салыңыз. Сіз үшін шын қуанған жанмен бірлесіп жұмыс жасауға дайын болыңыз.
Арыстан
Қиын жұмыстың өзінде табысқа жетесіз. Қиын кезеңдерде кездейсоқ танысқан жандар көмек көрсететін болады. Оларға арнайы «рақмет» айтуды ұмытпаңыз. Есіңізде болсын: бүгін өз уәдеңізде тұрғаныңыз жөн. Тіпті балаға берген уәденің өзін орындаған дұрыс. Бүгін жоспарланбаған сапарға шығуыңыз мүмкін.
Бикеш
«Сақтансаң сақтаймын» демекші, таңертеңнен бастап сақ жүріңіз. Айналаңызға байыппен қарап, аңдап сөйлегеніңіз де жөн. Бірақ аз уақыттан соң барлығы орынан келіп, кәсіби тұрғыда қызық ұсыныстарға ие боласыз. Осы уақытқа дейін жинаған тәжірибеңіздің арқасында сізді карьералық өсу күтіп тұр.
Таразы
Түске дейінгі уақытыңыз жайбарақат өтеді. Бұл уақытта маңызды іспен айналыса қоймайсыз. Сондықтан аяқталмаған жұмыстарыңызды соңына дейін жеткізіп, құжаттарды да ретке келтіруге болады. Ал түстен кейін маңызды кездесулерге барасыз. Бұл кездесулердің әрқайсысының өз ерекшелігі бар.
Сарышаян
Ерекше және қиын жұмысты қолға алыңыз. Еш өкінбейсіз. Ешкімнің қолынан келмеген тапсырманы сіз атқара аласыз. Жаңашылдыққа ұмтыласыз, қызығушылығыңыз арта түседі. Біліктілігіңізді шыңдау қажеттігі туындайды. Жақындарыңыз сізді әрқашан қолдауға дайын.
Мерген
Таңертең аздаған түсініспеушіліктер орын алғанымен, сіз бұл мәселелерді жүрегіңізге жақын қабылдамайсыз. Мұныңыз өзіңіз үшін дұрыс шешім болмақ. Маңызды істерді қолға алуға асықпаңыз. Себебі уақыттан соң іске кірісер болсаңыз, оларды орындау аса қиындық туғызбайтын болады.
Тауешкі
Түске дейінгі уақытыңыз сәтті, әрі жемісті болмақ. Уақытыңызды текке кетірмеңіз. Аз уақыттың ішінде біраз шаруаны тындыруға болатынын естен шығармаңыз. Алайда қиын, әрі ірі көлемдегі шаруаны мойынға алғанда сақ болғаныңыз жөн. Түстен кейінгі уақытта аз уақыт демалып алғаныңыз дұрыс.
Суқұйғыш
Керемет күн. Барлық шаруа сіздің қолыңыздан келеді. Өзіңізге деген сенімділігіңіз кез келген кедергіні жоюға көмектеседі. Сондай-ақ айналаңыздағы жандардың көңілін табуға да септігін тигізбек. Соңғы уақытта мазаңызды қашырған қаржы мәселесі оң шешімін табады. Сондықтан өзіңізді жайбарақат күйде сезінесіз.
Балықтар
Бүгін ештеңені уайымдамайсыз. Ешқандай мәселе сізді алаңдата алмайды. Керісінше, өзіңіздің оң жамбасыңызға келетін іспен айналысасыз. Не болмаса жаңа жоба негізінде қызықты ұсыныстар түседі. Егер бұл жобаның тапсырмасы қиын болса, еш саспаңыз. Себебі оны орындау сіздің қолдан келеді.