Қызылордада 58 адамның 66 млн теңгесін алдап алған әйел сотталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылордада пәтер алып беремін деген желеумен 58 адамды алдап кеткен азамат бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Қызылорда облыстық прокуратурасы хабарлады.
Алаяқтықпен айналысқан әйел 2016-2018 жылдар аралығында жергілікті тұрғындардан ақша алдап алған. Ол тұрғындарға Қызылорда қаласының аумағынан салынып жатқан тұрғын үйлерден пәтер алып беретінін айтқан. Осылайша жәбірленушілердің сенімдеріне кіріп, олардан ақша алған. Нәтижесінде жәбірленушілерге 66 млн теңгеден астам мөлшерде шығын келтірген.
«Ол алаяқтық қылмысы үшін сотқа жауап беріп 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды» - деді Қызылорда облыстық прокуратурасы.