Қызылордада аз қамтылған отбасылардың тұрғын үйлерінің мұржалары тазартылды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» басталды. Департамент қызметкерлері халыққа өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру және тақырыптық жадынамаларды тарату үшін аулаларды аралады.
Сонымен қатар «Сабалақ» саяжайында еріктілермен бірігіп, өрт қауіпсіздігі айлығы аясында жылу беру маусымы кезінде төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында үгіт-насихаттық түсіндіру жұмысы жасалды. Тұрғындарға пеш және электр қондырғыларын пайдалануда қауіпсіздікті сақтау туралы айтылды.
Жұмыс барысында күн көріс деңгейі төмен, аз қамтылған 10 отбасының тұрғын үйлерінің мұржаларын «Алау газ Аймақ» ЖШС мамандары тегін тазартып берді.