Медициналық «Жәрдем» пойызы 1000 жалағаштық тұрғынға тегін қызмет көрсетті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Ағымдағы жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен, Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, медициналық «Жәрдем» пойызы жасақталған болатын. Аталмыш пойыздың медицина мамандары 8-9 қазан аралығында Жалағаш ауданының тұрғындарына тегін қызмет көрсетті.![](https://oldkaz.kyzylorda-news.kz/uploads/posts/2019-10/1570703173_10zhalagash1.jpg)
![](https://oldkaz.kyzylorda-news.kz/uploads/posts/2019-10/1570703173_10zhalagash1.jpg)
«Жәрдем» медициналық поезы 8 вагоннан тұрады. Оның 4 вагоны медициналық құралдармен жабдықталған. Медициналық пойызда невропотолог, терапевт, хирург, кардиолог, гинеколог, флюрография, эндоскопия, педиатр, окулист, стоматолог, онколог-маммолог, УЗИ дәрігерлері және биохимиялық, клиникалық лаборатория қызмет атқарды.
Медициналық пойыз дәрігерлеріне барлығы 1000-ға жуық жалағаштық тұрғындар қаралған. Оның ішінде 200-і балалар.
Тұрғындар негізінен қан қысымы, жүрек ауруы және көз ауруларына байланысты шағымданған.
Бүгін, яғни, 10 қазан күні аталған пойыз Қармақшы ауданындағы «Қызылтам» кентіндегі вокзалға тоқтады.
![](https://oldkaz.kyzylorda-news.kz/uploads/posts/2019-10/1570703244_10zhalagash2.jpg)
![](https://oldkaz.kyzylorda-news.kz/uploads/posts/2019-10/1570703238_10zhalagash3.jpg)
![](https://oldkaz.kyzylorda-news.kz/uploads/posts/2019-10/1570703198_10zhalagash4.jpg)
![](https://oldkaz.kyzylorda-news.kz/uploads/posts/2019-10/1570703228_10zhalagash5.jpg)