Денсаулық саласында сыбайлас жемқорлыққа жол беруге болмайды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. «Nur Оtan» партиясының облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес пен партиялық бақылау комиссиясының кеңейтілген отырысы өтіп, онда денсаулық сақтау саласындағы жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды.
Жиынға облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Бақытжан Ниязов, денсалық сақтау мекемелерінің басшылары қатысты.
Отырыста денсаулық сақтау саласында «тұрмыстық» сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету бағытындағы барлық ұсыныс пікірлер хаттамаға енгізіліп, арнайы қаулы қабылданды.