Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 10 қазанға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Қызыққа толы күн болады. Барлық ісіңіз жоспардан ауытқып, келеңсіз жайттар орын алады. Бірақ тез арада ес жиып, шаруаны нықтап қолға аласыз. Жұмысты кейінге қалдырудың қажеті жоқ. Сондықтан сізге берілген тапсырманы уақытында аяқтағаныңыз жөн.
Торпақ
Жанға жайлы керемет күн. Бұл күні бұрынғы шаруаларды аяқтап, өз-өзіңізге есеп беруге қолайлы болмақ. Бүгін асығыс жүріп жұмыс жасаудың қажеті болмайды. Дәл осы жағдай сізді қуантатын болады. Өйткені асықпай демалып, көптен көріспеген жандармен жүздесетін боласыз.
Егіздер
Қиын күн. Әр ісіңізге зер салып отыру қажет болады. Сонымен қатар айналаңыздағы жандар көп сауал қойып, мазаңызды алатын болады. Жақын адамыңыздың сенімінен шығып қалуыңыз мүмкін. Бұл жағдай сіздің көңіл-күйіңізді түсіріп, жоспарыңызды бұзады.
Шаян
Түске дейінгі уақытта жақындарыңызбен келіспей қаласыз. Кейде сізге ешкім жақтаспайтындай, сіздің сөзіңізді сөйлемейтіндей көрінеді. Бірақ уақыт өте келе, барлығы өз орнына келіп, өз-өзіңізге деген сенімділігіңіз артатын болады. Түстен кейін қиын жұмыстарды өз мойныңызға алуға болады.
Арыстан
Бүгін сіз үшін барлық жұмыс қиын болып көрінеді. Сондай-ақ ісіңіз бір-бірімен қарама-қайшы болады. Бірақ сіз бұл күнге еш өкпе артпайсыз. Себебі, мәселені қай кездеде шешуге болатынын білесіз. Дәл қазіргі уақытта алдыңызға нақты мақсаттар қоюға болады.
Бикеш
Бүгінгі күніңіз қарбаласқа толы болмақ. Бір уақытта бірнеше іспен айналысуға тура келеді. Бірақ олардың барлығын соңына дейін жеткізу мүмкін емес. Бұрынғы қателіктеріңізді еске салатын болады. Бұл әрине сіздің көңіл-күйіңізді түсіретін болады. Бірақ сіз ешкімге сыр алдырмайсыз.
Таразы
Ерекше, әрі қызықты күн. Бұл күні жағымды тосынсыйға ие болып, жақсы жаңалық естейтін боласыз. Сондай-ақ өзіңіз сыйлайтын жанмен кездесуге барасыз. Түстен кейінгі уақытыңызды оқуға, ақпараттарды талдауға арнайсыз. Ішкі түйсігіңіз қателіктердің алдын алуға көмектесетін болады.
Сарышаян
Таңертеңгілік сізді уайымға салатын жаңалық естейсіз. Бұл жаңалықтың анық-қанығын білгіңіз келгенімен, оған қол жеткізу мүмкін болмайды. Сонымен қатар бүгін отбасында болмашыға бола ұрыс-керіс орын алады. Ал түстен кейін уақыт тыныштықта өтеді.
Мерген
Бүгін сіз атқару тиіс шаруа көп. Жоспарларды орындау мүмкін болмайды. Сондықтан бүгін орын алатын жағдайларға бағынуға тура келеді. Бүгін көп уәде берген адамға сенім білдірудің қажеті жоқ. Осыны естен шығармаңыз. Көп адамдар сізден пайда көргісі келеді.
Тауешкі
Өзгелерге де, өзіңіз үшін де пайдалы іспен айналысасыз. Сіз қиындықтан қорықпайсыз. Ішкі түйсікке жүгініп, қиын істі қолға аласыз. Сіздің біліміңіз бен біліктілігіңіз өзгелерді таңдай қақтырады. Түстен кейінгі уақыт шығармашылықпен айналысуға сәтті болмақ.
Суқұйғыш
Бүгін ішкі түйсігіңізге жүгінген жөн. Ол мақсатыңызға жетелейтін болады. Жақындарыңызбен қарым-қатынасыңыз жақсара түседі. Ұрыс-керісті доғарып, ара-қатынасты жақсартуға бел буасыз. Сондай-ақ бүгін жұмыстың тұралап қалғандығы ашуыңызды шақырады.
Балықтар
Алдына тым жоғары мақсат қоя білетін жандардың бүгін жолы болады. Қиялға берілмей, өмірге шынайы көзбен қарайтын боласыз. Жақындарыңызбен бірігіп ерекше іс байтайсыз. Бұл өзара қарым-қатынастың нығаюына көмектесетін болады.