Қызылордада «медицина – пациент» екіжақты жобасы жүзеге асырылуда
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Бүгінде өңірімізде медициналық көмек көрсету бойынша «медицина – пациент» жобасы жүзеге асырылуда. Яғни, науқастардың өздерін қатыстыру арқылы жүргізілетін ауруларды басқару бағдарламасы. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
"Жоба негізінде диспансерлік есепте тұратын науқас өз ауруына байланысты медицина қызметкерінің көмегімен бірлесе отырып, емін бақылауда ұстайды. Қазіргі кезде қант дибетімен, созылмалы жүрек ауруы, қан қызымымен диспансерлік есепте тұратын науқастармен, медицина қызметкері арасында әлеуметтік-ынтымақтастық келісімі жасалуда. Медицина қызметкері науқасқа қажетті медициналық тұрғыда көрсетілетін барлық көмек, оның ішінде уақытылы тексерілуі, тегін дәрі-дәрмекпен қамтылуы, жоспарлы емделуі, зертханалық тексерулерін қамтамасыз етеді. Ал науқас өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, дәрігерлік нұсқамаларды бұлжытпай орындап отыруы тиіс. Қазір облыста 3 нозология бойынша 19 030 пациент қатысып, диспансерлік науқастардың электрондық регистріндегі науқастардан үлесі 30,9% жеткізілді. Аталған жобаға қатысуға тілек білдірген азаматтар, аймақтық дәрігерімен бірлесе жұмыс жасай алады», - деді Жақсылық Абдусаметов.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Жолдауында, ең басты мәселе ретінде ана мен бала денсаулығын көтеруді және келер жылдан бастап енгізілілетін міндетті медициналық медициналық сақтандыру турасында тапсырмаларын берген болатын.
Республика көлемінде алғашқылардың бірі ретінде, облысымыз Халықаралық ұйымдармен (ДДСҰ; ЮНИСЕФ) бірлесіп, 2017 жылдан бастап пилоттық режимде, ал 2018 жылдан бастап барлық жүкті әйелдер мен 0-ден 5 жасқа дейінгі балаларға арналған патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап-прогрессивті моделі енгізілді. Бірлескен істің нәтижесінде нәрестелер өлімінің себептерінің ішінде үйде қайтыс болу жағдайлары – 24%-ға, жазатайым жағдайлардан қайтыс болу 44,1%-ға азайған.
Облысымыздың аймақтық ерекшелігін ескере отырып, әйелдерді жүктілікпен тіркелген уақытында және жүктіліктің 30 аптасында жаппай электрокардиограмма түсіруге міндетті тексеру енгізілді. Нәтижесінде бұрын анықталмаған жүректің туа пайда болған, жүре пайда болған ақаулары және жүрек ырғағының түрлі бұзылыстары анықталып, жүкті әйелдер уақытылы мамандардың кеңесіне, жоғары мамандандырылған медициналық көмек алуға мүмкіндік туды.