ЖАҢА КОДЕКСТЕРДІ ТАЛҚЫЛАУ МАҚСАТЫНДА СЕМИНАР САБАҒЫ ӨТТІ
Қызылорда қалалық №2 сотында «Қолданысқа енгізілген жаңа қылмыстық, қылмыстық процестік кодекстерді тәжірибеде қолдану барысында туындайтын мәселелерді талқылау» тақырыбында семинар сабағы өтті.
Семинарға Қызылорда қалалық №2 сотының судьялары, қылмыстық қудалау органдарының, прокуратура және қалалық ішкі істер басқармасының өкілдері қатысты.
«Қылмыстық істерді қарау барысында басты сот талқылауында анықталған алдын-ала тергеу органдарымен жіберілген кемшіліктер жөнінде шығарылған жеке қаулылар бойынша» баяндама жасаған Қызылорда қалалық №2 сотының судьясы С.Әбдіханов өз сөзінде, заттай дәлелдемелердің тағдыры, оларды жою, сот үкіміне, қаулысына сай уақытылы орындау мәселесінде жауапты қызметкермен бірлесе жұмыс жасау қажеттігін, осы тұста кемшіліктер көп жіберіліп жатқандығын тілге тиек етті.
Басқосу соңында қалалық сот төрағасы өткен шараны қорытындылап, семинар барысында белсенділік танытқандары үшін қатысушыларға алғысын білдірді. Семинар соңында қатысушылар заңнамалардағы жаңа өзгерістерді іс жүргізу барысында қолдануда біріңғай тәжірибе қалыптастыру қажет екендігі жөнінде шешімге келді.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі