Қайрат пен Төреғали бесік құда болды
Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлі бесік құда болуға уағдаласты. Бұл туралы әншілердің өздері "Ревю" бағдарламасына берген сұхбаттарында айтты.
Олар өнерде де, өмірде де өте жақын достар. Солай бас қосып жүргенде олар Қайраттың кенже ұлы Хан мен Төреғалидің қызы Тоғжанның бір біріне қатты ұқсайтынын байқаған. Тіпті олардың сөзі мен қылығы да аумайды екен. Осыны байқаған жұлдызды әкелер құда болуға уағдаласқан.