Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz. ақпараттық агенттігінің 9 қазанға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Бұл күн сәтті болады деп айту қиын. Кейде қиындық туындап жатады, бірақ сіз оң шешім таба аласыз. Бұрын орын алған кикілжіңдерді ретке келтіріп, айналаңыздағы адамдарды өз жағыңызға шығарасыз. Қосымша қаражатқа ие боласыз.
Торпақ
Бүгінгі күн сіз үшін жемісті болмақ. Алға қойған мақсатыңызға жету үшін барыңызды саласыз. Жеңіл тірліктермен айналысуды жөн санамайсыз. Сонымен қатар бүгін ерекше таныстық орын алады. Сіздің еңбегіңізді бағалап, сізге сый құрмет көрсететіндер табылады.
Егіздер
Ашуға берілмеңіз. Өзгелердің сабырыңызды қашыруына жол бермеңіз. Эмоцияға беріліп, бар жиған абыройыңызды «төгіп» алмаңыз. Түстен кейінгі уақытта қызықты таныстық орын алады. Не болмаса ескі таныстармен кезігіп қалуыңыз мүмкін.
Шаян
«Асықпаған арбамен қоян аулайды» дегенді естен шығармаңыз. Сіз барлық сынақтан өтіп, жоғары дәрежеге қол жеткізесіз. Көздеген мақсатқа жету оңай болмағанымен, уақыт өте барлығы өз ойыңыздағыдай болатынына сеніңіз. Сіздің табандылық танытатыныңыз айналаңыздағыларға ұнайды.
Арыстан
Бүгінгі күн тосынсыйларға толы болмақ. Барлығы сіз ойлағандай болмайды. Дегенмен табандылық пен сабырлылық танытсаңыз, барлық ойыңыз жүзеге асатынына сеніңіз. Сондай-ақ бүгін денсаулығыңызға зор мән бергеніңіз жөн. Бұл күні бұрынғы жарақатыңыз қайта шығуы мүмкін.
Бикеш
Айналаңыздағы адамдармен, жақындарыңызбен тығыз қарым-қатынас орнатуға қолайлы күн. Өзіңізге қарсылас деп тапқан жандармен де тіл табысып, қызықты кездесулерге барасыз. Ұсақ-түйекке мән беріңіз, сонда ғана жұмысыңыз алға басады.
Таразы
Жұмысыңыз бірқалыпты. Бүгінгі күнге ешқандай ренішіңіз жоқ. Қиын сәттерде достарыңыз қол ұшын беруге әзір. Сізге қолдау көрсетуге тек достарыңыз ғана емес, сонымен бірге жақындарыңыз да дайын екенін ұмытпаңыз. Сондықтан қажет жағдайда олардан көмек сұрауға қысылмаңыз.
Сарышаян
Үй шаруасымен айналысуға қолайлы күн. Отбасылық мәселелерді шешуге, жақыныңызды қолдауға асығыңыз. Сіздің ақыл-кеңесіңіз өзгелерге қажет екенін түсініңіз. Жұмысқа қатысты қызықты ұсыныстар түсуі мүмкін. Бас тартуға асықпаңыз, ойланыңыз.
Мерген
Керемет күн. Жұмыста оң нәтижелерге қол жеткізуге болады. Тек табандылық танытсаңыз болғаны. Жауапкершілік жүгін арқалаудан қорықпаңыз. Өз қорқынышыңызды жеңіп, тәуекелге бел байлаңыз. Сонда ғана табыс «кілтіне» ие боласыз.
Тауешкі
Іскерлік және жеке байланыстарды жақсартуға, нығайтуға қолайлы күн. Кез келген адаммен тіл табысып, жұмыста да, отбасында да жағдайды жақсарта аласыз. Сіздің арқаңызда ұзақ уақыттан бері керісіп қалған жандар татуласатын болады. Олардың сізге айтар алғысы көп.
Суқұйғыш
Бүгін атқарылуы тиіс жұмыс көп. «Көз қорқақ, қол батыр» демекші, бастапқыда жұмысқа кірісу оңай болмағанымен, соңында барлығын бір деммен орындап тастағаныңызды байқамай қаласыз. Қаржы мәселесінде сақтық танытқаныңыз жөн. Сондай-ақ бүгін жоспарланбаған іссапарға шығуыңыз ғажап емес.
Балықтар
Бүгін тым белсендісіз. Соның арқасында көп еңбектеніп, басшылықтың көзіне түсетін боласыз. Жұмыста барлығын бірқалыпты. Сондай-ақ жеке өміріңізде де барлығы жақсы. Әрқашан ішкі түйсігіңізге жүгінгеніңіз дұрыс. Дегенмен қажет кезде эмоцияға да жол берген жөн.