Қазалыдағы ауылдардан газ құю бекеттері ашылып жатыр
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазылы ауданының орталығынан 55 шақырым жердегі Майдакөл ауылдық округінен газ құю бекеті ашылды.
Бекарыстан би ауылындағы бұл бекетті "Рза-Мұнай-Газ-Құрылыс" ЖШС ашып отыр. Енді ауыл тұрғындары мен жергілікті автокөлік жүргізушілері көгілдір отын үшін Қазалы қаласы немесе Әйтеке би кентіне бармайды. Ауыл орталығынан қолжетімді бағада сатып ала алады.
Айта кетейік, дәл осындай газ құю бекеті Аранды ауылдық округінің орталығы – Қожабақы ауылынан да пайдалануға берілді.