Елімізде енді әрбір жұмыс істейтін қазақстандыққа баспана беріледі
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Осы жылдың аяғында «Нұрлы жер» жаңа мемлекеттік бағдарламасы бекітіледі. Бұл туралы мәжілістегі үкімет сағатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді.
«2025 жылға дейінгі жаңа «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы туралы. Сайлауалды тұғырнамасы мен мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында жыл соңына дейін «Нұрлы жер» жаңа бағдарламасы бекітілетін болады», - деді Бейбіт Атамқұлов.
Министрдің айтуынша, бағдарламаға 5 міндет қосылады: бірыңғай тұрғын үй саясатын жүргізу; халықты сапалы ауыз сумен және санитарлық-техникалық қызметтермен ұтымды қамтамасыз ету; коммуналдық секторды жаңғырту және дамыту; тұрғын үй қорын күрделі жөндеу және жаңарту; құрылыс индустриясының дамуы.
«Жаңа тұрғын үй саясатының идеологиясы - жұмыс істейтін әрбір қазақстандықтың жеке баспанасы болады. Бұл үшін баспанаға қол жетімділіктің баспалдақтары салынуда, баспанаға мұқтаж әр отбасына тұрғын үй жағдайларын жақсарту тетігі ұсынылады», - деп түсіндірді Бейбіт Атамқұлов.
Министр мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «бағдарламаларға қатысудың нақты критерийлері» ұсынылғанын және халықтың табысы айқындаушы фактор болатынын айтты.
Сонымен, кірісі жоқ немесе отбасы мүшелеріне шаққандағы бір адамның ғана кірісі бар(21,5 мың теңге) отбасылар сатып алу құқығымен жалдамалы баспанамен қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік осал санаттар арасында таңдау болады.
«Әлеуметтік жалдамалы тұрғын үй табысы жоқ азаматтарға беріледі. Жалға берілетін тұрғын үй әлеуметтік осал санаттарға, яғни жетім балаларға, мүгедектерге және басқалар үшін тағы салынады», - деді Бейбіт Атамқұлов.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Бақытты отбасы» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы «2-10-25» мақсатты аудиторияға - көпбалалы, толық емес отбасыларға және мүгедек балалары бар отбасыларға бір отбасына шаққандағы ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайтын болады.
«Бақытты отбасы» бағдарламасының әлеуетті қатысушылар санын (2-10-25) 10 мыңға дейін арттыру жоспарлануда.