Қазгидромет: Бүгін республиканың басым бөлігінде күн ашық болады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. 8 қазан күні Қазақстанның басым бөлігіне антициклон ықпал етіп, күн жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
8 қазан күні республиканың тек батысында, оңтүстік-шығысында және оңтүстіктің таулы аймақтарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Кей жерлерде республика бойынша тұман түсіп, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан, түнде Атырау, таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлеріне тұман түседі.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында, күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.
Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, Қарағанды облысының батыс және оңтүстік-шығыс бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.