Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 8 қазанға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Бүгінгі күніңіз көпке дейін есіңізде қалады. Ойыңыға түрлі идеялар келіп, жоспар құра бастайсыз. Осы орайда бұрыннан ойлап жүрген ойларды жүзеге асыруға тырысасыз. Ол үшін көмек көрсететін жандарда табылады. Достармен немесе ескі таныстарыңызбен әңгімелесуге, сырларыңызбен бөлісуге қолайлы күн.
Торпақ
Асыққаныңыз жөн. Түске дейінгі уақытта маңызды шаруаларыңызды бітіріп алғаныңыз жөн. Сонымен қатар соңғы уақытта сізге де, айналаңыздағы адамдарға да маза бермеген мәселенің шешімін табатын боласыз. Іскерлік қабілетіңіз түске қарай әлсірейтін болады. Жаныңыздағы адамдармен сөзге келуіңізде мүмкін.
Егіздер
Күннің бастапқы бөлігінде түрлі шаруалармен айналысып, жоспарларыңыз жүзеге аса бастайды. Айналаңызға байыппен қарап, өзгелердің сізден жасырған сыры бар екенін ұғасыз. Байқаусызда олардың құпиясын біліп, өзгенің сырына қанық боласыз. Мұны басқаларға айтуды ойыңызға да алмаңыз.
Шаян
Мәселенің ақ-қарасын анықтау, оны шешу оңайға соқпайды. Нақты шешім қабылдауға асықпаңыз. Айналаңыздағы адамдар не айтса да, олардың сөзіне мән бермеңіз. Жоспарларыңыз жүзеге аспаған жағдайда, өзіңізге деген сенімділігіңізді жоғалтпаңыз. Мақсатқа жетуге әлі де болса мүмкіндік бар.
Арыстан
Түске дейін жұмысқа көңіл бөлу қиынға соғады. Жұмыс көп, бірақ қайсысынан бастау керек екінін білмей, дал боласыз. Барлығына үлгеру мүмкін емес. Көмекке келетін жандар бар, сондықтан оларға шаруаңыздың біраз бөлігін тапсырғаныңыз жөн. Алайда өз ісіңізге өзіңіз жауапкершілікпен қарағаныңыз жөн.
Бикеш
Уақытыңызды текке кетірмеңіз. Әріптестер арасында түсініспеушіліктер болуы мүмкін. Алайда олар сізге жұмысыңызды дер кезінде орындалуына кесірін тигізбесе болғаны. Қаржы мәселесінде абай болғаныңыз жөн. Асығыстық бос шығынға әкеп соғуы мүмкін. сондықтан асығыстық танытпағаныңыз жөн.
Таразы
Сәтті күн. Өте маңызды, әрі қиын шаруаны мойныңызға алғаныңызбен, тез арада алғашқы табысқа қол жеткізетін боласыз. Бүгін қосымша қаржы келуі әбден мүмкін. Танысыңыз қарызын қайтарады немесе бұрынғы жұмысыңыз үшін сыйақы түсуі мүмкін. Өзгелерден бұрын жағымды жаңалыққа қол жеткізесіз.
Сарышаян
Асығыңыз. Түске дейінгі уақытта атқарған жұмысыңыз сәтімен аяқталатын болады. Осы мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Сонымен қатар осы уақытта қызықты, әрі пайдалы ұсыныстар түсіп, жаңашылдыққа бет бұратын боласыз. Іскерлік әлемінде өзіне сенімді адамдар ғана нақты қадамдар жасағаны дұрыс.
Мерген
Ойланбай қабылдаған ісіңіздің кесірі өзіңізге сабақ болуы мүмкін. Жақындарыңыздың ақылын тыңдап, солардың айтуын бұлжытпай орындасаңыз, барлық ісіңіз алға басатын болады. Сонда ғана қателіктің алдын алып, мәселе тудырмайсыз. Ал түстен кейін жұмысқа ден қойыңыз.
Тауешкі
Бүгінгі күн қызықты кездесулермен, ерекше таныстықтармен есте қалатын болады. Өзіңізге ұқсамайтын жандармен көп бас қосасыз. Олардың ойы мен жоспарлары сізді қызықтырады. Осы басқосулардан кейін өзіңіздің мақсатыңыз бен жоспарларыңызды өзгертуге тырысасыз. Өзіңізге деген сенімділігіңіз артатын болады.
Суқұйғыш
Сіздің ақкөңіл, кішіпейіл мінезіңіз көпшілікті баурап алады. Сізбен жолығудың жолын таппай жүрген жандар ақырындап жаныңызға жинала бастайды. Өткенді ұмытып, қайтадан жақын қарым-қатынас орнатқысы келетіндер де аз емес. Оларды кешіріп, мәселені шешіп, өкпе-ренішті ұмытқан жөн.
Балықтар
Қанша қиналсаңыз да, сабыр сақтай біліңіз. Барлығын жүрегіңізге жақын қабылдаудың қажеті жоқ. Бастысы жаныңызда сізді жақсы түсінетін жан бар. Қиын кездерде сізге қолдау білдіретін де осы жақыныңыз болмақ. Сонымен қатар бүгін бұрын аяқталмаған шаруаны қайта қолға алуға тура келеді.