Қазақстанда ет қымбаттады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Елімізде бір жылдың ішінде еттің бағасы айтарлықтай қымбаттады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Әсіресе, тауықтың сан етінің бағасы 19,3 пайызға көтерілген. Қазір сан еттің келісі 822,6 теңгеден сатылуда. Ал тауық еті жыл басынан бері 18,6 пайызға қымбаттап, 897,9 теңгеге жетті.
Қой еті 16,8 пайызға қымбаттап, 1676 теңгеден саудаланып жатыр. Сиыр еті 15,1 пайызға қымбаттап, бағасы 1748 теңгені құрады. Талдаушылардың есебіне сүйенсек, жылдың соңғы тоқсанында ет пен ет өнімдерін тұтыну 1,8 пайызға азайып кеткен.