Синоптиктер қазанның 7-сі күнгі ауа райы болжамын жария етті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Бүгін республиканың басым бөлігіне антициклонның ықпалымен күн жауын-шашынсыз болады. Респбуликаның батысы мен оңтүстік бөлігінң таулы аймақтарында ғана атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Сондай-ақ «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтері бойынша, бүгін республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-22 метрге жетеді. Оңтүстік-батыста шаңды дауыл көтеріледі.
Жамбыл, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Алматы облысының Алакөл ауданының бірқатар аумақтарында жел 17-22 м/с жылдамдықпен соғады.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.
Батыс Қазақстан облысында тұман түседі.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, шаңды дауыл тұрады.
Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды.
Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, Қарағанды облысының батыс және оңтүстік-шығыс бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының онтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.