Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 7 қазанға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Отбасында кекілжің туындауы мүмкін. Ұзақ жылдардан бері созылып келе жатқан аурудан емделетін күн жетті. Жақындарыңызды ойлаңыз.
Торпақ
Жоспарларыңызды құпия ұстаңыз. Сүйіктіңізбен бірге атап өтетін мерекеге дайындалыңыз. Жұлдыздар спортпен айналысуға кеңес береді.
Егіздер
Бүгінгі күніңізде қиындықтар туындауы мүмкін. Басшыларыңызбен, әріптестеріңізбен арада дау туындайды. Өз ұстанымыңызды күшейтіңіз. Табандылық танытып, алдыңызға мақсат қойыңыз.
Шаян
Апта соңындағы оқиғалар сіздің идеяңызға айтарлықтай әсер етеді. Отбасылық өмірде жақындарыңызды ренжітпеңіз. Бүгін күтпеген жағымсыз жағдай орын алуы мүмкін.
Арыстан
Іс сапарлар мен саяхаттауға қолайсыз күн. Созылмалы ауруыңыз өршуі мүмкін. Физикалық белсенділік қауіп тудырады.
Бикеш
Бүгін өз ұстанымыңызға берік болып, табандылық танытпасаңыз күн қиын болуы мүмкін. Басшыларыңызбен қарым-қатынасыңызды бұзбаңыз. Жұмысыңызға кедергі келтіруі мүмкін.
Таразы
Әр түрлі мәселелер шешімін табатын сәтті күн. Жаңа бизнесіңізді бастасаңыз да болады.
Сарышаян
Бүгін іскерлік белсенділігіңіз жоғары болады. Сіздің жолыңыздағы барлық қиындықтарға, кедергілер мен сынақтарға қарамастан, үлкен жетістікке жетуге болады. Балалар жетістіктерімен ата-аналарын қуантуы мүмкін.
Мерген
Мақсатыңызға жету жолында алаяқтыққа жол бермеңіз. Бұл сіздің абыройыңызға әсер етіп, айналаңызға жағымсыз әсер қалдырасыз.
Тауешкі
Бүгінгі күн ауыр әрі қауіпті болуы мүмкін. Көңіл-күйіңізді түбегейлі бұзатын немесе айналаңыздағы адамдармен қарым-қатынасыңызды қайта қарауға мәжбүр ететін жағымсыз жаңалықтар болады.
Суқұйғыш
Отбасыңыз сізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Сөзіңіз бен ісіңізге абай болыңыз. Егде жастағы суқұйғыштар денсаулыққа мән беру керек.
Балықтар
Бүгін шаршайсыз. Жай ғана демалу жеткіліксіз, дәрумендер қабылдап, дұрыс тамақтаныңыз. Кездескен қиындыққа қарамай көңілді болыңыз.