Әлмира Тұрсын жеке өмірі жайлы айтты (видео)
Өткен аптада қалың көрерменге жол тартқан «Томирис» фильмінде басты рөлді сомдаған Әлмира Тұрсын «Оңай емес» бағдарламасына сұхбат беріп, отбасы, балалық шағы мен жеке өмірі жайлы айтты.
«Менің тәрбиемде анамның рөлі зор болды. Ол кісі маған көп ықпал еткен адам. Мені әжем екеуі тәрбиеледі. Менің ата-анам үш жасымда ажырасып кеткен. Оған өз себептері болған болуы керек. Бірақ менде ешқандай комплекс, ешқандай реніш жоқ. Әкеммен араласып тұрдым, бірақ қасымда көп болған жоқ»-деген актриса жеке өмірінен де сыр шерткен.
«Жолдасым менен он бір жас үлкен. Біз интернетте таныстық. Ол маған бірінші болып жазды. Ол кезде жолдасым Мәскеуде болған. Сөйлесіп жүрдік. Кейін ол кісі Алматыға келді. Кездестік. Кездесуге барғанда бойының менен қысқа екенін көрдім. Мен ешқашан сүйіктімнің бойы өзімдікінен қысқа болады дегенді елестеткен емес едім. Бірақ ол кісі өз дегенінен қайтпады, менің жүрегімді жаулады. 8 жылдан бері біргеміз. Ұлымыз бар»-дейді актриса.