Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 6 қазанға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Кез келген жұмыста серіктестік танытуға қолайлы күн. Егер де сізге әлдекім бірлесіп жұмыс жасауды ұсынса, қарсылық танытпағаныңыз жөн. Айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік бар. Кейбір «тоқты» белгісіндегілер қызметте жоғарылайды. Дегенмен сіздер үшін алғашқы орында отбасы мен жақындарыңыз тұрады.
Торпақ
Күніңіз қарбалас өтеді. Күнделікті жасап жүрген ісіңіздің өзінде қиындық туындап, кедергілерге тап боласыз. Сабыр сақтай біліңіз. табандылық танытыңыз. Бұл мінезіңіз көпшілікті тәнті етеді.
Егіздер
Қай істі бастаймын десеңіз де мүмкіндік мол. Жақындарыңыздың қолдауы сізді қуантады. Олардың қолдауының арқасында өзіңізге деген сенімділігіңіз артады. Қаржылық жағдайыңыз да жақсарып, сізге керек ақша дәл уақытында табыла кетеді.
Шаян
Жалғыз жүріп те жетістікке жете аласыз. Бірақ көптің көмегі сізге артықтық етпейді. Жаңадан идея пайда болып, оны жүзеге асыруға асығасыз. Сонымен қатар бұл күні таныстарыңызға көмек көрсетесіз. Бұрын жақын қарым-қатынаста болған адаммен қайта жолығып, ескі байланысты жандандырасыз.
Арыстан
Туыстарыңыз, достарыңыз, жақындарыңыздың барлығы сіздің жаныңыздан табылып, қаржылық жағынан көп көмегін тигізеді. Кездейсоқ қарым-қатынас пен күдік тудыратын таныстықтардан аулақ болыңыз.
Бикеш
Қаржылық жағдайыңыз қиын. Көп шығынға ұшырап, алашағыңыз көп күттіреді. Мұндайда достарыңыздан немесе туыстарыңыздан көмек сұраңыз. Несие алмауға тырысыңыз. Жақындарыңыздың сіздің атқарып жүрген ісіңізге көңілі толады.
Таразы
Уақытты босқа жоғалтпаңыз. Таңертеңнен барлық істі өз қолыңызға алсаңыз, жұмысыңыз нәтижелі болмақ. Түстен кейін қызықты кездесуге барып, тұщымды әңгіме тыңдап қайтасыз.
Сарышаян
Алдыңызға тым биік мақсаттар қоймағаныңыз дұрыс. Егер сіз қиын жобаларды қолға алған болсаңыз, жагныңызға сенімді серіктестер жинаңыз. Жалғыз жұмыс жасау қиынға соғады. Жақындарыңызбен кикілжіңдер орын алады. Бірақ сіз сабырлылық танытып, ұрыс-керістің алдын аласыз.
Мерген
Сөзіңіз бен ісіңізге абай болыңыз. Аңдамай сөйлеп немесе оқыс әрекет жасап өзгелердің сізге деген ойын өзгертіп алмаңыз. Жақындарыңыздан көмек күтпегеніңіз жөн. Олар өз шаруаларынан босамайды. Маңызды деген мәселелердің барлығын өзіңіз шешуге тура келеді. Ойланып әрекет етсеңіз қателіктерге бой алдырмайсыз.
Тауешкі
Бүгінгі күн жолға шығуға, бейтаныс адамдармен байланыс орнатуға сәтті күн. Жұлдыздар жылдамдықты асырудан, өткір және электр тоғымен жұмыс жасайтын бұйымдарды қолданғанда сақ болуды ескертеді.
Суқұйғыш
Күнделікті ісіңізбен айналысыңыз. Ескі таныстарыңызға өзіңіз туралы естеріне салып қойыңыз. Олармен қайта байланыс орнату көңіл-күйіңізді көтереді. Сондай-ақ бұл байланыс арқылы бірлескен істі атқаруға мүмкіндік туады. Бұрынғы романтикалық қарым-қатынастар қайта орнығуы мүмкін. Бірақ бұл қарым-қатынас сізге шынымен қажет пе?
Балықтар
Сіз өз күшіңізге сенесіз. Бұл көпшілікке жағымды ой қалыптастыруы мүмкін. Сондықтан сіздің кеңесіңізге тәжірибелі мамандардың өзі жүгінетін болады. Түске дейінгі уақыт сауда-саттық жасауға, соның ішінде ірі көлемде зат сатып алуға қолайлы сәт. Ал кешкі уақытта ойын-сауық құрыңыз немесе қонақ күтіңіз.