5 қазан: Атаулы күндер мен оқиғалар
1994 жылдан бастап ЮНЕСКО шешімі бойынша атап өтіледі. 1966 жылы 5 қазанда Парижде өткен ЮНЕСКО бас конференциясында білім беру қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі туралы алғашқы халықаралық құжат қабылданды
Дүниежүзілік жымию күні
1999 жылдан бері жыл сайын қазанның алғашқы жұмасы күні тойланады. Осы атаулы күнге суретші Харви Бэллдің еңбегі ерекше сіңді деуге болады, ол ХХ ғасырдың ортасында сақтандыру компанияларының бірінің тапсырысымен бүкіл әлемге танымал болған жымию символын ойлап тапты.
1868 жылы Гавриловское қыстағының орнында Талдықорған қаласы өз тарихын бастады. 1920 жылы Жетісу облыстық атқару комитетінің ұйғаруымен Гавриловка селосының атауы ресми түрде Талды-Қорған селосы деп өзертілді. 30-40 жылдары Талды-Қорған ауданының орталығы болып бекітіледі. 1944 жылы Талды-Қорған селосына қала дәрежесі беріліп, Алматы округінен бөлінді. 2001 жылдың 22 қыркүйегінен бастап, Талдықорған ҚР Алматы облысының орталығы болып саналады.
1930 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институты (қазіргі Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті) ашылды.
1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 47-сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет АӨСШК шақырылымы туралы идеяны айтты. Әлемнің басқа өңірлерінен бір айырмашылығы, сол кезде Азияда мұндай құрылым жоқ еді және бұған дейінгі оны жасау әрекеттері сәтсіздікпен аяқталған болатын. Бұл бастаманы уақыт талабы деп санайтын бірқатар Азия елдері қолдады.
1993 жылы ақын Жұмекен Нәжімеденов тұрған үйге ескерткіш орнатылды
2012 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы республикалық «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ құрылды.
2016 жылы Отандық режиссер Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» драмасы «Еуразия көпірі» кинофестивалінде «Гран-приді» жеңіп алды. Негізгі жүлдеден бөлек фильм тағы бір марапатқа ие болды. «Үздік әйел адам рөлі» номинациясы бойынша басты кейіпкердің анасының рөлін сомдаған Алтынай Нөгербек үздік деп танылды. Бұған дейін актриса осы рөл үшін ұлттық «Тұлпар» жүлдесін иеленген болатын.