«Қазалы» газетінің жарыққа шыққанына 10 жыл
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Биыл Қазалы ауданының рухани айнасына, оқырмандарының сүйікті басылымына айналған «Қазалы» газетінің жарыққа шыққанына 10 жыл болды.
Осы орайда, Қазалы ауданында «Мультимедиялық лонгрид: жаңа медиадағы қызықтыру алгоритмі» тақырыбында көшпелі семинар өтті.
Мерзімді басылымның мерейтойына орай ұйымдастырылған облыстық көшпелі семинарға қатысушы қонақтарды алдымен аудан әкімі М.Ергешбаев қабылдап, кездесу жиынын өткізді.
Қасиетті Қазалы топырағының жасампаз істерге толы шежіресін жазуға «Қазалы» газеті зор еңбек сіңіріп келе жатқан аталған басылымның қай кезеңде қызмет етсе де уақыттың өз талабына сай өңірдің толымды өзгерістерін паш етіп, өлкенің жылнамасын жасауға сүбелі үлесін қосып келе жатқандығын сөз еткен аудан басшысы, семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жиын соңында уақыт талабына сай өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын, қоғамдық-саяси өміріндегі жаңалықтар мен өзгерістерді жұртшылыққа жеткізуде мол үлес қосып келе жатқан газеттің штаттан тыс тілшілері мен бірқатар қызметкерлерін Алғыс хаттармен марапаттады.