Қызылордада жұмыссыздық деңгейін төмендету бағытында жұмыс жалғасуда
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы ел дамуының стратегиялық бағыттары мен мақсат-міндеттерін нақты айқындап берген болатын. Тұрғындардың аз қамтылған, жұмыссыз және өз ісімен айналысып жүрген бөлігін жұмыспен қамту бағдарламаларына тарту бойынша міндеттер қойды. Еліміздің еңбек нарығындағы қалыптасқан жағдайды оң шешуге, индустриялық саясатты жүзеге асыру үшін еңбек әлеуетін оңтайлы пайдалануға мүмкіндік беретін «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы да әзірленген.
Халықты еңбекпен қамту мәселесі Қызылорда облысында да күн тәртібінен түскен емес. Облыс әкімінің 2019 жылға арналған іс-қимыл жоспарында жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатындағы іс-шаралар нақтыланып отыр. Жоспарға сәйкес жұмыссыздық деңгейін 4,7 пайызға дейін ұстап тұру бойынша шаралар қабылдау көзделген.
Жастар жұмыссыздық деңгейін 4,4 пайыздан асырмау бойынша шаралар қабылдау;
12844 өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жеке қосалқы шарушылықта жұмыс істейтін азаматтардың Бірыңғай жиынтық төлемін төлеу бойынша шаралар қабылдау;
Қызылорда облысының 2019-2021 жылдарға арналған Әлеуметтік картасын әзірлеу.
Жаңа бизнес идеяларға 2662 грант берілуін ұйымдастыру.
Әлеуметтік келісімшарт негізінде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алатын еңбекке қабілетті отбасы мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтамасыз ету.
Атаулы әлеуметтiк көмектің бөлінуіне бақылауды күшейту және алаяқтық пен сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жағдайда тиісті материалдарды құқық қорғау органдарына жолдау.
Қызылорда облысында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Жол картасының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
модернизациялау нәтижесінде қызметкерлер санының өзгеруі мүмкін облыстың ірі кәсіпорындарындағы қызметкерлерінің ағынын басқару Жол картасының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
Қызылорда облысындағы егде жастағы азаматтар үшін лайықты өмір сүру сапасын арттырудың 2018-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспарының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
мекемелер мен кәсіпорындарға Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету;
аймақ кәсіпорындарында еңбекті қорғауды жақсарту және қауіпсіздікті арттыру бойынша қосымша шаралар қабылдауды қамтамасыз ету;
әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша облыстық үш жақты комиссияның отырыстарын тоқсанына кемінде 1 реттен өткізу.
Мүдделі органдармен бірлесе отырып еңбек заңдылықтарының бұзылу фактілеріне, әсіресе, облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында жалақының уақтылы төленбеуіне жедел әрекет ету.
Шетелдік компаниялардың Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жұмысшыларының еңбек жағдайлары мен жалақыларына талдау жүргізіп, шетел жұмыс күшін тартатын кәсіпорындарда шиеленістің алдын алу және болдырмау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу.
Облыстық кәсіподақ комитетімен бірлесіп облыс кәсіпорындарында ұжымдық келісім-шарттардың жасалуын және орындалуына мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету.
Кем дегенде 12 мың тұрақты жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал жасауды жалғастыру;
бос орындарға ай сайын жәрмеңкелер өткізуді жалғастыру;
нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыру;
Қызылорда облысы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған «Бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру, экономикаға және міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне тарту» Жол картасының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы заңнамаларымен қарастырылған аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік жәрдемақының уақтылы және толыққанды төленуін жалғастыру;
студенттерге төленетін әлеуметтік көмек бойынша жұмыстарды жүргізуді жалғастыру (облыс әкімінің гранты);
мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін елді мекендерде «кедергісіз ортаны» құру бойынша шаралар қабылдауды жалғастыру;
жалақысы аз төленетін жұмыскерлердің жалақысын көтеру бойынша ірі кәсіпорындармен түсіндірме жұмыстарын жүргізуді жалғастыру;
облыстағы кәсіпорындарда қызметкерлердің жаппай жұмыстан босатылуына жол бермеу мақсатында, қызметкерлердің еңбек шарттары мен құқықтарын сақтау жөніндегі меморандумдарға қол қою және орындалуы бойынша жұмыстарды жалғастыру.
«Жұмыс орындарын ашуды мониторингілеудің интеграциялық картасы» автоматтандырылған жүйесінің толымдылығын қамтамасыз ету.